Грузия шетелдіктердің кіруіне тыйым салды
Грузия 18 наурыздан бастап ел шекарасына шетелдіктердің келуіне тыйым салды.
Алматы, NEGE. Бұл туралы премьер-министрдің халықаралық мәселелер бойынша кеңесшісі Ираклий Чиковани хабарлады. Оның айтуынша, бұл тыйым елге оралығысы келетін өз азаматтарына қатысты емес. Олар қай уақытта да келуіне болатынын айтты.
Қазір Грузияда ресми түрде коронавирус 33 адамнан анықталғаны расталды. Айта кету керек, Грузия 14 наурыздан бастап Армения және Әзербайжанмен, ал 16 наурыздан Ресеймен арадағы шекараны жапты.