Грузия халқы қайтадан сайлау өткізуді талап етті

Грузияда парламент сайлауынан кейін наразылық күшейді.

Алматы, NEGE. Грузияда парламенттік сайлаудан кейін наразылық күшейіп, шерулер жиіледі. Өткен жексенбі күні екі қалада ірі наразылық акциялары өтті. Шерушілер заңбұзушылықтар болғанын айтып, жаңа сайлау өткізуді талап етуде. Сайлауда көпшілік дауысқа ие болған билік басындағы «Грузин арманы» партиясы оппозициямен келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді. Грузияда оппозициялық партиялар бір апта бұрын өткен парламенттік сайлау нәтижесі бұрмаланғанын айтып, наразылық танытып жатыр. Тбилиси мен Батумиде шеру өтті. Оппозиция өкілдері сайлауды қайта өткізуді талап етуде. Олар додада басым дауысқа ие болған «"Грузин арманы» партиясына қарсы шығуда. Себебі билеуші партия 48 проценттен астам дауыс жинап, үкіметті қайта құруға құқық алған. 

Оппозиция өкілдері өз талаптарына биліктен жауап алмаған соң Орталық сайлау комиссиясының алдына жиналып, оның басшысының қызметтен кетуін талап етті. Шерушілер ғимартка кіруге талпынып, полиция күш қолданды. Ал соңғы мәліметке қарағанда билеуші партия оппозициямен келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеген.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған