Грузия соты қазақстандық журналист Жанбота Төлегенді өлтірген адамға үкім шығарды

Грузия соты қазақстандық журналист Жанбота Төлегенді өлтірген Габриэль Хохобашвилиге қатысты үкім шығарды. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Габриэль Хохобашвили 11 жылға сотталды. Алайда, арызданушы тарап бұл жазаны тым жеңіл деп санайды. Сол себепті шешімді қайта қарау үшін шағым түсірмек. 

Сот құқық бұзушының өз кінәсін мойындауы мен балаларының болуын ескергені хабарланды.

Еске салайық, қазақстандық журналист Жанбота Төлеген 2023 жылғы 21 мамырда Грузияның шығысындағы Кахетияда, Сагареджо ауылының маңында кісі қолынан ажал құшқан болатын.

Габриэль Хохобашвили Жанбота Төлегенді алдап, ақшасын алып, Тбилисиден Кахетиге баруға мәжбүрлеген. Журналистің басынан кірпішпен ұрып өлтіріп, денесін өзенге тастаған.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады