Грузия парламенті «ЛГБТ-ны насихаттауға» тыйым салды

Грузия парламенті үшінші оқылымда «Отбасы құндылықтары және кәмелетке толмағандарды қорғау туралы» заң жобасын қабылдады. Құжатта «ЛГБТ насихатына» тиім салынған. 

pixabay.com

Алматы, NEGE. Құжат бірауыздан қабылданды. Заң жобасына 84 депутат дауыс беріп, бірде-біреуі қарсы шықпаған. Заң республика президенті Саломе Зурабишвилиге қол қоюға жіберілді.

«ЛГБТ-ны насихаттау екі-үш ұрпақтан кейін, тіпті, ғасырлар бойы бірде-бір жаулап алушы қол жеткізе алмаған апатты салдарға алып келуі мүмкін. Біз олардың құқықтарын мұқият қорғаймыз, бірақ біз ЛГБТ насихаты мен біржынысты некеге жол бере алмаймыз», - деді «Грузинская мечта» партиясының атқарушы хатшысы Мамука Мдинарадзе.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты