Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді

2025–2026 оқу жылына Грузияның жоғары оқу орындарында білім алу үшін Қазақстан азаматтарына 5 грант ұсынылды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оның ішінде: 2 грант — бакалавриат, 2 грант — магистратура, 1 грант — докторантура бағдарламасы үшін бөлінген.

Құжаттар 26 мамырға дейін қабылданады. Өтінімдерді eGov.kz порталы арқылы онлайн немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығына» тікелей барып тапсыруға болады.

Іріктеу онлайн сұхбат арқылы жүргізіледі. Үміткерлердің құжаттарын сарапшылар қарап, қорытынды шешім қабылдайды.

Егер бірнеше үміткердің ұпайы тең болса, жетім балаларға, көпбалалы отбасынан шыққан немесе мүгедектігі бар жастарға, сондай-ақ ауылдық жерден келген үміткерлерге басымдық беріледі.

Мамандықтар тізімі мен толық ақпарат «Халықаралық бағдарламалар орталығының» ресми сайтында жарияланған.

Қазір оқып жатыр

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді