Грета Тунберг балаларды COVID-19-дан қорғау үшін $100 мың бөлді
Швед экобелсендісі Грета Тунберг ЮНИСЕФ-ке балаларды коронавирустан қорғау және көмектесу үшін 100 мың доллар бөлді.
Алматы, NEGE. 17 жасар белсендінің айтуынша, коронавирустық пандемия балалар құқығын қорғауда климаттық дағдарысқа ұқсайды. Айта кетсек, Грета Тунберг қоршаған ортаны қорғауды белсенді түрде қолдайды және климаттың өзгеруіне қарсы әрекет етуге шақырады.