Грэмми сыйлыған алған Иманбектің әкесі марапатталды

Наурыз мейрамын тойлау құрметіне Ақсу гарнизонының басшылығы ардагерлер кеңесі және ТЖД жеке құрамы атынан азаматтық қорғау ардагері Марат Сүлейменовті мерекемен және ұлының жеңісімен құттықтады.

Алматы, NEGE. Оған 1-дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалін табыс етті, деп Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Иманбектің әкесі Марат Зейкенұлы Сүлейменов - Павлодар облысы төтенше жағдайлар қызметі Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің аға прапорщигі, ол бөлімде 1996 жылдың 5 шілдесінен бастап қызмет етіп келеді. Осы уақыт аралығында ол жүргізуші және № 11 өрт сөндіру бекетінің аға жүргізушісі қызметін атқарды.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті