Грекияға қыдырып барған қазақстандықтар өрт шығарды деген күдікке ілінді

Қазақстандықтар ұйымдастырған пиротехникалық шоудан орманда өрт басталған, деп жазды Sputnik.

© AP Photo / Achilleas Chiras

Алматы, NEGE. Грекия билігі Гидра аралындағы өртке байланысты 13 адамды қамауға алды, деп хабарлаған Грекияның өртке қарсы қызметі.

"Өртке қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 13 шетелдік азаматты ұстады. Ұсталғандар Пирей прокурорының алдында жауап береді", - делінген хабарламада.

Қазақстанның 17 азаматы "Персефона" яхтасын жалдаған. Гидра курорт аралының маңында су көлігін тоқтатқаннан кейін олар нағыз пиротехникалық шоу ұйымдастырған, деп жазды жергілікті "Катимерини" газеті.

Отшашулар салдарынан жартасты аралдағы қарағайлы жалғыз шағын орман өртеніп кетті.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды