Грекияда тағы да локдаун жарияланды

Грекияда коронавирус індетін жұқтыру дерегі көбейді.

Алматы, NEGE. Грекияда екінші рет локдаун жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24». Оған елдегі коронавирус жұқтыру деректерінің күрт көбеюі себеп. Жаңа шектеу енді 30 қарашаға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында жоғарғы сынып  оқушылары үшін мектептер жабылады. Дүкендер мен дәмханалар, жаттығу залдары да қызметін тоқтатады. Мейрамханалар тек тапсырыс бойынша жұмыс істейді.

Бұған қоса тұрғындардың өңіраралық сапарға шығуына тыйым салынады. Ал ел аумағына кіргісі келетін туристер алдымен теріс нәтижелі ПТР-тест анықтамасын ұсынуы қажет. Шетелге шыққысы келетіндерге де талап дәл осындай.  Айта кетейік, Грекияда осымен төртінші күн қатарынан 2 мыңнан астам вирус жұқтыру дерегі тіркеліп келеді. Қазір бұл елде инфекцияға шалдыққандардың жалпы саны 52 мыңнан асады. Ал қайтыс болғандар 715-ке жетті.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған