Грекияда мигранттардың ірі лагері өртеніп кетті
Лесбос аралындағы Мориа мигранттар мен босқындар лагері толығымен өртеніп кетті.
Алматы, NEGE. Өрт қасақана қойылған болуы мүмкін, деп хабарлады ERT. Грекиядағы мигранттардың ең ірі лагері Мориада орналасқан – мұнда 12,8 мың адам бар. Лагерьде коронавирустық инфекцияның 35 жағдайы тіркелгеннен кейін көп ұзамай өрт болған.
Онда бір аптадан бері карантин режимі енгізілген. «Лагерь толықтай өртеніп кетті, босқындар мен мигранттар маңайдағы жерлер мен тауларды паналауда. Көпшілігі қалаға кетті. Полицияның үлкен отряды бұл аймақты қоршауға алды», - делінген хабарламада.