Грекияда әуе қатынасы қалыпқа келе бастады

Германияның Lufthansa әуе компаниясы 2 ай карантиннен кейінгі алғашқы жолаушылар рейсін жүзеге асырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Франкфурттан ұшып шыққан әуе лайнері Афина қаласына барды. Ұшақ Грекия астанасына қона салысымен жолаушылар өздерінің денсаулығы жайлы арнайы қағаз толтырып, коронавирусқа тексерілді. Тест нәтижелері шыққанша адамдардың бәрі әуежайдағы қонақ үйде болады. Егер жолаушының дерт жұқтырғаны анықталса, 2 аптаға карантинге жабылады. Ал вирустан таза болып шықса, үйінде 14 күн оқшаулануы тиіс. Тәртіпті бұзғандар 5 мың еуро айыппұл төлейді. Бірақ жаңа ережеге бәрінің бірдей көңілінен шығып жатқан жоқ. 

Қазір оқып жатыр

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті психиатриялық ауруханаға жатқызылды

Бапи: Дүмше уағызшылар қоғамға қауіп төндіріп отыр

Заңгер Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамалды

Алматыда АИТВ жұқтырып, 13 жастағы қызды зорлады деп айыпталған ер адам сотталды