Грекияда археологиялық ескерткіштер ашылды

Грекияда шектеу шараларының жеңілдетілуіне байланысты археологиялық ескерткіштер ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Солардың бірі – Афинадағы Акрополь. Жаңа ереже бойынша енді ежелгі қамал қаланы саяхатшылар таңғы сағат сегізден кешкі сегізге дейін кіріп, тамашалай алады. Адамдардың дертті жұқтырмасы үшін сақтық шаралары күшейтілген. Туристер әлеуметтік арақашықтықты сақтап, беттеріне маска тағып жүруі тиіс. Сондай-ақ зарарсыздандыру жұмыстарын жиі жүргізіп отыру қарастырылған. Айта кетейік, Грекияда мұражайлар келесі айдың 15-інде жұмыс істей бастайды. Ал елде туристік маусымды ашу шілде айына жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті психиатриялық ауруханаға жатқызылды

Бапи: Дүмше уағызшылар қоғамға қауіп төндіріп отыр

Заңгер Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамалды

Алматыда АИТВ жұқтырып, 13 жастағы қызды зорлады деп айыпталған ер адам сотталды