Грекияда 81 мың гектар жер өртеніп кетті

Грекияның

Эврос аймағындағы орман өрті дес бермей тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. 2 апта бұрын басталған қызыл жалын 81 мың гектар жерді күлге айналдырған. Мыңдаған адам баспаналарын тастап, қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болды. Тілсіз жаумен 600-ден аса өрт сөндіруші күресіп жатыр. Еуроодақ елдері аймаққа тағы қосымша көмек жөнелтті.

Балаш Уйвари, Еурокомиссияның ресми өкілі:

Еуропалық Одақта мұндай ірі орман өрті бұрын соңды тіркелмеген. Осы себепті біз Грекияға 400-ден аса өрт сөндіруші аттандырып, 12 ұшақ пен 60 арнайы техника жөнелттік. Бұдан бөлек, лаулаған жалынды бақылау үшін Жер серігі жүйесін қолдануға көштік.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті