Грекия шекарасын қайта жабуы мүмкін
Грекияда 1 шілдеден бері 100 туристтен коронавирус анықталған. Сол себепті ел билігі мемлекеттің кейбір өңірінде қайта карантин жариялауы мүмкін.
Алматы, NEGE. Себебі бұл статистика үкімет тарапынан да, жергілікті тұрғындар тарапынан да алаңдаушылық тудыра бастады. Айта кетейік, бұл мемлекет шектеу шараларынан біртіндеп шығып, шекараларын індет көп тарамаған мемлекеттерге ашқан еді. Турист Грекияға келген соң 14 күндік карантинге жатқызылмайтын. Бірақ бұның соңы кеселдің дендеуіне әкелді. Бүгінде елде 3826 адам вирусты жұқтырған. Бақилық болғандардың саны – 193.