Грек ғалымы коронавирус пандемиясы қашан аяқталатынын айтты

2022 жылы 20 ақпанда омикрон штамына байланысты жағдай аяқталады, бұл коронавирус инфекциясының соңғы мутациясы болуы мүмкін. Бұл туралы Салоникадағы Аристотель университетінің профессоры Демостен Сарианис мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Кейінгі бес күнде Грекияда коронавирус жағдайының саны артты. 31 желтоқсанда 40,5 мың жағдай анықталды, көпшілігі омикрон жұқтырған.

Профессор мұндай үрдіс 20-22 қаңтарға дейін жалғасады деп санайды. Ол тіркелетін жағдай саны 80 мыңнан асатын күндер де болуы мүмкін екенін айтты.

"Осылайша, 20 ақпанда, омикрон штамы бір ай өткен соң аяқталады. Содан кейін бір аптада орта есеппен 3500-4000 жағдай тіркеледі. Бізде омикрон штамы кетеді және қоғамның көп бөлігінде жақсы иммунитет қалыптасады", - деді Сариянис.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр