Грек-рим күресінен әлем чемпионаты: Айдос Сұлтанғали алтын медаль үшін күреседі

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Айдос Сұлтанғали Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль үшін күреседі.

ҰОК

Алматы, NEGE. Айдос Сұлтанғали 60 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Амиран Шавадземен (Грузия) кездесті.

Сұлтанғали белдесу барысында 1:2 есебімен ұтылып жатқан еді. Дегенмен белдесудің соңына қарай екі тиімді әдіс қолданып, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Қорытынды есеп: 8:2.

Еске салайық, бұған дейін грек-рим күресінен Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан Демеу Жадраевтың ширек финалда жеңіліп қалғанын жазған едік.

Қазір оқып жатыр

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр