Грек-рим күресі: Қазақстан жас балуандары Азия чемпионатында топ жарды

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында грек-рим күресінен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында қазақстандық балуандар айрықша табысқа қол жеткізді.

Қазақстан күрес федерациясы

АЛМАТЫ, NEGE. Жас спортшыларымыз құрлық додасында жалпы саны тоғыз медаль жеңіп алды. Оның ішінде бес алтын, төрт күміс. Бұл нәтиженің арқасында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.

Алтын жүлдегерлер:

  • Пахитжан Нұрислам (38 кг)
  • Алмас Әли (41 кг)
  • Аманәлі Дияр (48 кг)
  • Ермек Самға (52 кг)
  • Төлеш Марлен (57 кг)

Күміс жүлдегерлер:

  • Сәрсенбай Сұлтанбек (44 кг)
  • Мұратов Әділжан (68 кг)
  • Серік Темірлан (75 кг)
  • Мәлік Ислам (85 кг)

Айта кетейік, осыған дейін Вьетнамның Вунгтау қаласында 17 және 23 жасқа дейінгі балуандар арасында өткен Азия чемпионатында да қазақстандықтар 13 алтын медаль жеңіп алған болатын.

Бұл – еліміздің жас балуандарының жарқын болашағы бар екенін тағы бір мәрте дәлелдеген сенімді нәтиже.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған