10 августа 2022 г. 13:48
Грант иегерлерінің тізімі бүгін шығады
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысы бүгін шығатынын мәлімдеді.
Алматы, NEGE. – Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысы бүгін сағат 16:00-де ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми (https://t.me/gylym_jogary_bilim) Telegram-дағы каналында жарияланады, – делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарламасында.
Сонымен қатар мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысы БАҚ беттерінде де жарияланады.