Grand Slame турнирі Парижде өтеді

Дзюдодан Қазақстан командасының мүшелері жылдың соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізіп, қазіргі сәтте демалыс алды.

Алматы, NEGE.  Бұл туралы команданың бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиев мәлімдеді деп жазады Olympic.kz. 

"Биылғы маусымды тәмамдайтын жаттығу жиыны Түркістан облысындағы "Алма тау" кешенінде өтті. Спортшылар жақсы жұмыс істеді. Жаңа жыл қарсаңында көңілдері көтеріліп, үйлеріне мәз-мейрам болып тарқасты.

Енді қаңтардың басында Өзбекстанның Ташкент қаласын бетке аламыз. Сол жақта Халықаралық дзюдо федерациясының ұйымдастыруымен жаттығу лагері өтеді. Бірнеше мемлекте өз құрамаларын жібереді. Кейін елге келіп, тағы бір жиын өткіземіз.

Ал 2 ақпан күні Парижде (Франция) Grand Slame турнирі басталады. Жылдың ресми тұсаукесері сол жарыс болмақ. Елдос Сметов бастаған жігіттер Париж  татамиінде күреседі", - деді Жылгелдиев. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр