Gran Fondo әлем чемпионаты Алматыда өтеді

24 тамызда Алматыда алғаш рет Gran Fondo әлем чемпионаты өтеді. Бұл – әуесқой велоспорттағы ең беделді жарыстардың бірі. Додаға әр елден келген 500-ден астам спортшы қатысады.

ҰОК

Алматы, NEGE. «Абсолют» санатында жеңіске жеткен спортшы Gran Fondo World Tour нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанады.

Жарыс бағыты қала көшелері мен Іле Алатауының әсем бөктерін қамтиды. Gran Fondo чемпионатының ерекшелігі – ашық форматта өтуі: дайындық деңгейіне қарамастан кез келген адамның қатыса алады.

Gran Fondo тарихы бір ғасырдан астам уақыт бұрын Италияда басталған. Бүгінде бұл жарыс әлем бойынша миллиондаған велоспорт әуесқойларын біріктіреді.

Ірі спорттық шараға байланысты 24 тамыз күні сағат 04:30-дан 09:30-ға дейін әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысы шектеледі. Қала тұрғындарына 2GIS қосымшасы, «Яндекс карталар» және @AlmatyJoly Telegram арнасы арқылы бағыттарын алдын ала жоспарлау ұсынылады.

Қазір оқып жатыр

ІІМ референдум қарсаңында ел тұрғындарына үндеу жасады

Жеңілдетілген ипотекаларға қарамастан, Қазақстанда баспана алу қиындай түскен

Түркістанда фельдшерлердің мәселесін көтерген азамат психиатриялық есепке заңсыз қойылған ба?

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды