Гөзал Айнитдинова BeeTV 60 Women's турнирінің келесі кезеңіне өтті

Қазақстандық теннисші Гөзал Айнитдинова Астанада өтіп жатқан ITF World Tennis Tour BeeTV 60 Women's турнирінің екінші айналымына өтті.

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші дүниежүзінің 254-ракеткасы, ресейлік Мария Тимофеевамен ойнады.

Нәтижесінде Гөзал Айнитдинова 6:3, 6:1.7:6 (7:3) есебімен жеңді.

"Бірінші сетте  ештеңе істей алмадым, не болып жатқанын түсіне алмадым. Екінші партияда белсенді болып, тез әрекет еттім, сосын партияны жеңу мүмкін болды. Үшінші шешуші сетте мен 5:3 есебімен жүрдім, озу мүмкін болмады, тай-брейкке дейін барды және жеңіп шыққаныма қуаныштымын", - деді Айнитдинова матчтан кейін.

Енді Гөзал Айнитдинова ширек финалға шығу үшін дүниежүзінің 136-ракеткасы, жапониялық Моюка Учижимамен ойнайды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды