Google Maps жаңарды
Google картасында қолданушыларға белгілі бір аймақта коронавирус жұқтырғандардың санын көруге мүмкіндік беретін жаңа қабат пайда болады. Бұл туралы компания сайтында жазылды.
Алматы, NEGE. Зерттеушілер Google Maps қолданушылары бұл мүмкіндікті қосып, 100 мың адамға шаққандағы жағдайлардың санына негізделген түрлі-түсті картаны көре алатынын түсіндірді.
Сондай-ақ, соңғы 7 күнде көрсеткіштің өскенін немесе төмендегенін көрсететін белгілер пайда болады.
Жаңа қосымша функция 220 елде жұмыс істейтін болады. Кей елде тіпті қаланың белгілі бір аудандарындағы ауруға қатысты ақпарат көрсетіледі.
Google Maps Android және iOS-та жаңарды. Компания сонымен қатар коронавирусқа қатысты тағы бірнеше жаңа қызмет жасауға уәде етті.