Гонконгтың Жоғарғы соты ереуілшілер құқығын қорғауда

Гонконгтың Жоғарғы соты дүйсенбі күнгі өзінің шешімімен қалалық әкімшіліктің «жаппай ереуілге шығушыларға бетперде киюге жасалған тыйымының» күшін жойды. Қала билігі қазан айында полиция қызметкерлерінің жұмысын жеңілдету үшін осындай қадамға барған еді. Жоғарғы сот бұл қадамды елдің «Негізгі Заңына» сәйкес келмейді деп отыр.

Алматы, NEGE. Гонконгтағы ереуілдер қала әкімшілігі қылмыскерлерді қала аумағынан өзге елдерге, әсіресе, Гонконгпен келісімі сәйкеспейтін Қытай секілді елдерге экстрадициялау заңына өзгерістер енгізбек болған жағдайдан туындаған. Заңға енгізілмек болған бұл өзгерістер күн тәртібінен алынып тасталса да, қазіргі таңда ереуілшілер билікке басқа талаптарын ұсынып, наразылық танытуда.

Билікке қарсы шерулер қараша айының басында, ереуіл кезінде 22 жасар студент қайтыс болғаннан кейін қатты үдеп кетті.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін