Гонконгте коронавирус өршіді 

Соңғы бір тәулікте Гонконгте COVID-19 жұқтырған жүзден аса адам анықталды. Індеттің таралуын тежеу жергілікті билік 180 мың мемлекеттік қызметкерді қашықтан жұмыс істеуге жіберді.

Алматы, NEGE. Өткен үш аптада Гонконгтегі эпидемиологиялық ахуал біршама тұрақталып қалған еді. Алайда 16 шілдеде ауру қайта өршіп, науқастар саны күрт көбейді. Қазір шаһардағы Диснейленд саябағы жабылып, спортзалдар, бассейн, барлар, түнгі клубтар мен кинотеатрлар жұмысын уақытша тоқтатты. Көшеде 4 адамнан артық, топтасып жүруге болмайды.  Қоғамдық көлікте маска тағу міндет.

Қазір оқып жатыр

Қостанайда субсидияға бөлінген 3 млрд теңге жымқырылған: қылмыстық топқа үкім шықты

Депутаттар портреті. Асхат Аймағамбетов. Реформатор

Bloomberg: Қазақстанда қаржы компанияларынан тек Aitu-ды қолдану талап етілуде

Ақын Мұхтар Шаханов жансақтау бөліміне түсті