Гонконгтағы өрт салдарынан 44 адам қаза тапты

Гонконгтағы тұрғын үй кешенінде болған өрттен кемінде 44 адам қаза тапты, – деп жазады Deutsche Welle басылымы. 

AP/TASS

Астана, NEGE. Өрт қызметінің ақпаратынша, Wang Fuk Court тұрғын үй кешеніндегі сегіз корпустың кемінде бесеуі отқа оранған. Әкімшілік жүздеген адамның хабар-ошарсыз жоғалғанын хабарлады.

Өрт салдарынан кемінде 44 адам қаза тапты, тағы 270-тен астам адам хабар-ошарсыз жоғалған, –деп мәлімдеді Қытайдың арнайы әкімшілік ауданының басшысы Джон Ли.

Белгілі болғандай, қала солтүстігіндегі Тай По ауданында шыққан өрт бамбуктан жасалған құрылыс баспалдақтары арқылы тез таралып, бірнеше биік ғимаратқа жеткен. Әрі қарай от желмен ұшып жатқан сынықтар әсерінен өте жылдам таралған. Ресми өрт шығу себебі әлі анықталған жоқ.

Аталған оқиғаға байланысты, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинге және барша Қытай халқына көңіл айтты. 

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?