Гонконг тұрғындары шектеулерге қарамастан ереуілге шықты 

Мұнда коронавирусқа байланысты 8 адамнан артық жиналуға болмаса да, жүздеген адам көшеге шыққан.

Алматы, NEGE. Ресми Бейжің арнайы әкімшілік ауданда ұлттық қауіпсіздік туралы жаңа заң енгізбекші. Жергілікті жұрт соған наразы. Өйткені құжат орталық үкіметке қарсы кез келген әрекетке тыйым салады. Сондай-ақ Гонконг аумағында Қытайдың ұлттық заңдарын қолдануға рұқсат  береді. Халық мұның бәрі «бір ел-екі жүйе» қағидатына қайшы әрі әкімшілік ауданның дербестігін бұзады деген пайымда. Полицейлер осылай деп ұрандатқан ереуілшілерді тарату үшін көз жасаурататын газ қолданды. Ашынған халық та қарап жатқан жоқ, қолға түскенін лақтырып, сес көрсетіп жатыр. Бүлік шыққан аумақта бірнеше адам қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды