Гонконг дәрігерлері Қытаймен шекараны жабуды талап етуде

Гонконгтағы медициналық қызметкерлердің кәсіподағы мен аурухана қызметкерлері әкімшілігінің Альянсы дүйсенбі күні ереуілге шықты.

Алматы, NEGE. Кей дерек көзінің хабарлауынша наразылыққа кемінде 2 400 адам шыққан. Дәрігерлер жергілікті билікке бес талап қойған:

  1. Гонконг аумағына Қытайдан ешкімді кіргізбеу
  2. Бетперденің мол қорын жасақтау
  3. Төтеншеге жатпайтын барлық қызметті тоқтатып, науқастарды оқшаулауды қамтамасыз ету
  4. Оқшаулағыштағы науқастарды қарайтын дәрігерлерге толық қолдау көрсету
  5. Дәрігерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауруханадан кетіп қалған науқастарға қатысты тергеу жүргізу. 

Дәрігерлердің кәсіподағы бұл талаптар орындалмаған жағдайда, құрамындағы 9 мыңға жуық мүшесін жаппай ереуілге шығуға, жедел жәрдем қызметін де тоқтатуға шақыруда. Олар талаптарын орындауы үшін жергілікті билікке 7-ақпанға дейін уақыт беріп отыр.

 

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін