Голубев ширек финалға шыға алмады

Қазақстандық Андрей Голубев аралас сында ширек финалға шыға алмады.

Алматы, NEGE. А.Голубев украиналық Людмила Киченокпен бірге екінші айналымда жапониялық Макото Ниномия - пәкстандық Айсам-уль-Хак Курешимен кездесті.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта жапониялық-пәкстандық жұп 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша А.Голубев те жарыс жолынан шығып қалды. Жасөспірімдер турнирінде тағы бір қазақстандық 17 жастағы Аружан Сағындықова жарыстың 8-ракеткасы, бельгиялық Софья Костуласқа есе жіберді - 1:6, 2:6.

Аружан биыл қалған үш «Үлкен дулыға» турниріне қатысады. Келесі жылы 18-ге толғаннан кейін ересектер додасына қосылады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр