Головкиннің «шәкірті» дайындалып жатыр

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (16-1, 12 КО) келесі жекпе-жегіне дайындығын жалғастыруда, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

Алматы, NEGE. Instagram Stories-інде Ахмедов спортзалда түсірілген фото жариялап, оны «Жұмыс» деген жазумен толықтырды. Қазақстандықтың шаршы алаңға оралу уақыты белгісіз.

Әли Ахмедов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсанында АҚШ-тың Флорида штаты, Голливуд қаласында өткізді. Онда өзінің бокс мансабында алғаш рет жеңіліді. Эквадорлық Карлос Гонгора (20-0, 15 КО) екінші орта санаттағы IBO әлем чемпионының бос титулы үшін айқаста Ахмедовті нокаутқа жіберді.

Еске сала кетейік, Әли – Геннадий Головкиннің промоутерлік компаниясы GGG Promotions-тың боксшысы. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?