Головкиннің P4P рейтингіндегі орны белгілі болды

BoxRec порталының нұсқасы бойынша (салмақ санаты ескерілмеген) үздік боксшылардың рейтингі жаңартылды, деп хабарлайды sports.kz.

Алматы, NEGE. Өткен айда алғашқы ондықта шамалы ғана өзгерістер болды:

WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы жеңілмеген әлем чемпионы Джермалл Чарло рейтингіде тоғызыншы орынды иеленді, одан кейін ресейлік Сергей Ковалев орналасты.

Ол 2019 жылдың қараша айынан бастап рингке шыққан жоқ. BoxRec нұсқасы бойынша pound-for-pound боксшылар рейтингі:

1. Сауль Альварес (Мексика);

2. Тайсон Фьюри (Ұлыбритания);

3. Теренс Кроуфорд (АҚШ);

4. Энтони Джошуа (Ұлыбритания);

5. Геннадий Головкин (Қазақстан);

6. Эррол Спенс-младший (АҚШ);

7. Деонтей Уайлдер (АҚШ);

8. Теофимо Лопес (АҚШ);

9. Джермалл Чарло (АҚШ);

10. Сергей Ковалев (Ресей).

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?