Головкиннің кезекті жекпе-жегі қашан?

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен поляк Камил Шеремета жекпе-жегі наурызда өтеді деп жоспарланып отыр, – деп хабарлайды KnockOut Promotions компаниясына сілтеме жасап.

Алматы, NEGE. Бастапқыда кездесу 8 ақпанда Чикагода өтеді деп жоспарланған болатын. Головкин мен Шеремета соңғы жекпе-жектерін 5 қазанда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өткізген болатын. Поляк боксшысы андеркартта мексикалық Оскар Кортесті нокаутқа түсірсе, қазақстандық боксшы украиналық Сергей  Деревянченконы жеңген еді.
 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті