Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жектегі қарсыласы белгілі болды.

Алматы, NEGE. Қазақстандық боксшының қарсыласы орта салмақта WBA Super белбеуінің иегері жапониялық Риота Мурата болуы мүмкін. Бұл туралы Fino Boxing басылымына берген сұхбатында мексикалық боксшы Хайме Мунгияның промоутері Фернандо Бельтран айтты. 

"Головкин жапон боксшысымен жұдырықтасқысы келеді. Иә, ол чемпион, бұл да үлкен жекпе-жек. Оның таңдауын құрметтеймін", - деді Бельтран.

Бұған дейін Головкин мен Муратаның командалары келіссөз бастағаны туралы хабарланған. Одан бөлек, GGG мен Мунгия 7 мамырда америкалық Техас штатында жұдырықтасады деген де ақпарат шыққан. Алайда кейін мексикалық боксшы бұл жекпе-жектен бас тартқаны хабарланған еді. 

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті