Головкиннің қарсыласы анықталды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) келесі қарсыласы анықталды. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Алматы, NEGE. Осы жолы Головкиннің қарсыласы – өзі сияқты IBF тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионына үміткер, поляк боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) болмақ. Геннадийдің айтуынша, ол Шереметамен жекпе-жек өткізу туралы коронавирус пандемиясына дейін келіскен және «өзінің міндеттері мен уәдесін орындауға дайын». Бұл жекпе-жектен кейін Головкин Мексика боксшысы Сауль Альвареспен (53-1-2, 36 КО) көптен күткен айқасқа дайындалатыны күтілуде. Қазақстандық боксшы «Канеломен» мамыр немесе қыркүйек айында жұдырықтасуға дайын болғанын, бірақ қарсыласы жекпе-жектен қашқақтап, британдық боксшы Билли Джо Сондерспен (29-0, 14 КО) келіссөздер жүргізіп кеткенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Павлодарда ер адам 125 млн теңге үшін әйелін суға батырып жіберген

Танагөз Толқынқызы қазақ қоғамы туралы жазбасынан кейін полицияға шақыртылды

Александр Машкевичтің қыздары «Еуразиялық банктің» ірі қатысушысы мәртебесіне ие болды

Алматыда бір аптадан бері танымал әншінің ұлы іздестіріліп жатыр