Головкиннің байлығы белгілі болды

Boxingnews24.com шолушысы Энджел Флауэрс қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің кәсіпқой рингте қанша табыс тапқанын, сондай-ақ мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жегінде алған гонорарын жариялады.

Алматы, NEGE. Головкиннің Сауль Альвареспен болған екі жекпе-жегінен түскен ақшасы барлық байлығының 90 пайызынан асады. Кей деректерде Головкиннің байлығы 30-35 миллион долларға бағаланғаны, ал Альвареспен болған екі жекпе-жекте 37 миллион доллар алғаны айтылады.

«Альварес Авни Йылдырыммен болған соңғы жекпе-жегі үшін 20 миллион және ұлыбританиялық Каллум Смитпен болған кездесу үшін де шамамен сондай қаржы алған», – деп жазды Флауэрс.

Айта кетейік, Головкин мен «Канело» 2017 және 2018 жылдары Лас-Вегаста жұдырықтасқан болатын. Олардың алғашқы жекпе-жегі тең есеппен аяқталды, ал екінші кездесуде төрешілер шешімімен мексикалық боксшы жеңіске жетті.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?