Головкинмен жекпе-жек өткізуді армандап жүрген кім?

Орта салмақтағы австралиялық боксшы Тим Цзю (17-0, 13 КО) орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге (41-1-1, 36 КО) қарсы жекпе-жек өткізуді армандайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматы, NEGE. «Головкинмен жекпе-жек өткізу менің арманым. Ол соңғы бес-алты жылда менің кумирім болды. Алдымен ол қол жетпес армандай көрінді, бірақ кейін бағымды сынап, неге жұдырықтасып көрмеске дедім. Оның жасы 30-дан асып кетті. Бірақ біз Австралияда керемет шоу ұйымдастыра аламыз. Сондықтан бәрі мүмкін», - деді Цзю.  Цзюдің келесі жекпе-жегі 31 наурызда өтеді. Ол бұрын бірінші орта және орта салмақта чемпиондық атаққа үміткер болған Деннис Хоганмен (28-3-1, 7 КО) кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?