Головкинді үлкен сын күтіп тұр

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының жетекшісі Эдди Хирнорта IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Генадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен осы санатта WBA Super белбеуінің иегері жапон спортшысы Риота Муратамен (16-2, 13 КО) болатын жекпе-жек туралы айтты.

Алматы, NEGE. «Головкин мен Мурата арасындағы айқас жылдың соңына қарай ұйымдастырылуы мүмкін.

Бұл – әдетте жапондар 31 желтоқсанда өткізетін жекпе-жектің түрі. Біз Мунгиямен де айқас туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз, бұл да керемет кездесу болмақ. Бірақ GGG Муратамен айқасты желтоқсан айында қарастырады деп ойлаймын. Әрине, «Канело» да бұл жекпе-жекті желтоқсан айында нысанаға алады. Алдағы екі аптада не болатынын көрейік», – деп мәлімдеді Хирн IFL.tv-ге берген сұхбатында.

35 жастағы Мурата 2019 жылдың 23 желтоқсанында Йокогамада канадалық Стивен Батлерді (28-3-1, 24 КО) нокаутқа жіберген сәттен бастап шаршы алаңға шыққан жоқ.

Головкин соңғы жекпе-жегін өткен жылдың 18 желтоқсанында АҚШ-та өткізді, онда GGG міндетті қарсыласы поляк боксшысы Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) жеңді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?