Головкин жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсіміне шапанмен шықты

Vesti.kz

Орта салмақтағы IBF және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен поляк Камил Шеремета (21-0, 5 KO) жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсіміне шықты, - деп хабарлайды .

Алматы, NEGE. GGG өзінің жекпе-жектеріне үнемі эксклюзив ұлттық киіммен шығатыны белгілі. Бұл жолы ол салмақ өлшеу рәсіміне де шапанмен шықты, ресми сұхбатта да сонымен отырды.

Еске салайық, 19 желтоқсан, сенбіде Қазақстан уақытымен таңертең Головкин өз титулдарын 21-ші рет қорғайды. Оның жекпе-жегі Голливудтағы (Флорида, АҚШ) бокс кешінде басты кездесу болады. Сонымен қатар, боксшы Әли Ахмедов (16-0, 12 КО) екінші орта салмақтағы IBO нұсқасы бойынша бос әлем чемпионы титулына жекпе-жек өткізеді. 

Қазір оқып жатыр

Шри-Ланка әуежайында 22 дін қызметкері есірткімен ұсталды

Әлемдегі жанармай дағдарысы: Қазақстан рейстерді қысқарта ма?

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі