Головкин Жапонияға аттанды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) атақты спортшы Риота Муратамен (16-2, 13 КО) үлкен жекпе-жек өткізу үшін Жапонияға аттанды.

Алматы,  NEGE.  GGG Instagram-дағы парақшасында жолға шыққаны туралы фотосын жариялап, астына «Жақында кездескенше, Жапония!» деген қысқа жазба қалдырды.

Еске салайық, Головкин мен Мурата арасындағы жекпе-жек 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) өтеді. Екі боксшы орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық титулдар үшін жұдырықтасады.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды