Головкин WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулынан бас тартты

Геннадий Головкиннің командасы боксшының енді орта салмақтағы әлемнің «суперчемпионы» емес екенін хабарлады, Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды Sports.kz.

Алматы, NEGE. 13 наурызда Геннадийдің әлемнің «қарапайым» чемпионы кубалық Эрисланди Ларамен міндетті жекпе-жегіне қатысты промоутерлік бәс сауда болуы керек еді, бірақ бүгін Головкин белбеуді босату туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.

«Геннадий Головкин ресми түрде әлем чемпионы титулын босатты, енді WBA чемпиондық комитеті бекіткен міндетті айқасқа қатыспайды. Енді WBA нұсқасы бойынша орта салмақта бір ғана чемпион бар, ол – кубалық Эрисланди Лара», - делінген қауымдастық мәлімдемесінде.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды