Головкин үш титул үшін айқас алдында фанаттарына көңіл-күй сыйлады

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) BBC Radio 5 Live арнасына берген сұхбатында жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) алдағы жекпе-жегі жанкүйерлердің көңілін қалдырмайтынына уәде берді, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

 Алматы, NEGE.  "Бұл айқас қиын, бірақ қызықты. Яғни, бокс жанкүйерлеріне ерекше сыйлық. Әрине, жекпе-жекте бәрі болуы мүмкін. Драма, Big Drama! Бұл жұдырықтасудың сіздерге ұнайтынына уәде беремін! Тіпті жылдың үздік айқасы болуыда ықтимал", - деді Головкин.

Головкин-Мурата жекпе-жегі 9 сәуір күні Сайтамада (Жапония) өтеді. Боксшылар орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO титулдарындағы чемпион атағы үшін күреседі.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды