Головкин үлкен жекпе-жек алдында тұр
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес 2022 жылы үшінші жекпе-жек өткізсе, ғажап болар еді деген пікір білдірді Matchroom Boxing бас директоры Эдди Хирн. Бұл туралы Dazn.com сайты.
Слматы, NEGE. «Мен бокстағы ең үлкен жекпе-жек алдында екі жігіттің де керемет көрінгенін қалаймын»,- деп атап өтті Хирн өз сұхбатында.
Еске салайық, 7 мамырда «Канело» ресейлік Дмитрий Биволмен жұдырықтасады, егер жеңген жағдайда, қыркүйекте Головкинмен үшінші рет айқасқа шығады. Ал қазақстандыққа сәуір айында жапон боксшысы Риота Муратаны жеңуі керек.