Головкин тағы бір мексикалықпен жұдырықтасуы мүмкін

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мексикалық Хайме Мунгиямен (36-0, 29 KO) жекпе-жек бойынша келіссөз бастады, деп жазды vesti.kz.

Алматы, NEGE. Бұл туралы ESPN басылымына мексикалық боксшының промоутері Фернандо Бельтран хабарлады. Бельтран бұл кездесу 2021 жылдың мамырына белгіленіп отырғанын атап өтті. «Әзірге бәрі жақсы өтіп жатыр. Осы жекпе-жекті өткізуге жақсы мүмкіндік бар. Қазіргі таңда келіссөз жүргізіп жатырмыз», - дейді ол. Мунгия соңғы жекпе-жегінде багамалық бокс ардагері Туреано Джонсонды (21-3-1, 15 KO) алтыншы раундта нокаутпен жеңген болатын.

Қазір оқып жатыр

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды

Берлинде «Ресей пайдасына тыңшылық жасаған» Қазақстан азаматы ұсталды

Вадим Борейконың зейнетақы түсетін банк шотын неге бұғаттап тастаған

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады