Головкин Шереметамен жұдырықтасады
Жуырда IBF тұжырымы бойынша жеңімпаз атанған Геннадий Головкин енді сол белбеуін қорғауы тиіс. Мұны Генаның со-промоутері Эдди Хирн хабарлады. Жерлесіміздің ендігі қарсыласы поляк Камил Шеремета болмақ.
Алматы, NEGE. Бұған дейін Шеремета Головкин жұдырықтасқан кеште рингке шығып, жеңіске жеткен-ді. Поляк боксшысы бұған дейін 21 кездесу өткізіп, бәрінде жеңген. Оның бесеуін нокаутпен ұтыпты.
Хирннің айтуынша, Гена мен Камил 8 немесе 29 ақпанда Чикаго қаласында (Wintrust Arena) жұдырықтасады. Бұдан бөлек, 2020 жылы Геннадий Головкин Сауль «Канело» Альвареспен үшінші рет кездесуі мүмкін.