Головкин прокурормен қақтығысып қалды: Кім кінәлі?

Өткен жексенбіде Нұр-Сұлтанда қызық жағдай болды. Жангелдин мен Әуезов көшелерінің қиылысында мемлекеттік нөмірі 001GGG01 BMW X7 көлігі мен «Camry-70» (мем. нөмірі 077***01) соқтығысып қалған.

«Еее, соғылса несі бар? Күніне неше көлік соғылып жатқан жоқ па?!» дерсіз, бәлкім. Асықпаңызыз, қызығы сол, «Бэханың» рөлінде даңқты Геннадий Головкиннің туған бауыры Максим Головкин болған. «Тойотаны» тізгіндеген адам да оңай-оспақ емес. Ол ­– Құқықтық статистика және арнайы есептер комитеті Нұр-Сұлтан қалалық басқармасының прокуроры Қуаныш Монолбаев екен.

Оқиға болған жерге шұғыл жеткен полицейлер Максимнің жол ережесін бұзғанын анықтап, хаттама толтырған. Өйткені Максим Головкин Қуаныш Монолбаевқа жол беруге тиіс болған. Іс Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қанат Иманәлиевтің қарауына түсіпті. Енді Максимнің мәселесін сол шешеді.

Егер бір мәселе болмағанда, сөз басында айтқанымыздай, «Соғылса несі бар?» деп қоя салар ма едік. Және «Тойотада» прокурор емес, бизнесмен отырса да осындай әңгіме болуы мүмкін еді. Бірақ, қараңыз, соғылған екі көлік те арзан емес. «Бэханың» 7-моделінің бағасы 37 млн теңгеден басталып, 50 млн теңгеден асып жығылады. Мұндай қымбат көлікке ақшаны Головкиндер гүрзі жұдырығымен тауып жүр. Және көлігіне әлгіндей әдемі әрі қымбат нөмір тағып жүрсе, әбден жарасады. Сол себепті Максим Головкинге қояр сұрағымыз жоқ.

Ал енді прокурордың «Тойотасы» қанша тұрады? Мұндай «Тойота Камри-70» моделінің ең арзанының бағасы 13 млн теңгеден басталады екен. Комплектациясына қарай бағасы да қымбаттай береді. Одан бөлек, 077 деген мемлекеттік нөмір де арзан тұрмайды. Ресми белгіленген бағасы 300 мың теңгенің ар жақ, бер жағы.

Сонда прокурор Қуаныш Монолбеков қымбат көлік пен қымбат нөмірді қандай ақшаға алған? Әлде прокурор әдеттегідей досының немесе әйелінің көлігін уақытша сұрап мініп жүр ме?..

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты