Головкин наурызға дейін демалады

IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен серіктестіктегі Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн қазақстандықтың келесі жекпе-жегі қашан өтетін мәлімдеді.

Алматы, NEGE. GGG көктемде рингке оралып, міндетті қарсыласы польшалық Камил Шереметаға қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл кездесуде Геннадий 5 қазанда Сергей Деревянченкодан жеңіп алған IBF титулын алғаш рет қорғайды. Кездесу Чикагода өтеді деген жорамал бар.

«Головкин Шереметамен наурыздың соңында, нақтырақ айтсақ, 28 наурызда кездесуі мүмкін», – деп мәлімдеді Хирн.