Головкин Муратаны жеңсе, кіммен жұдырықтасады?

Ring TV тілшісі Франсиско Салазар Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) Хайме Мунгиямен (38-0, 30 КО) жұдырықтасқанын көргісі келетінін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Алматы, NEGE. «Головкин желтоқсанның соңында Муратаны жеңетін болса, оның Мунгиямен жұдырықтасқанын көргім келеді. GGG өте күшті және ол рингте жағдайды өз бақылауында ұстап үйренген. Ал Мунгия жас әрі кідіріссіз соққы беруді ұнатады. Осындай қасиет еилерінің кездесуі меніңше, керемет қызықты болады», - дейді Салазар. Головкиннің жапониялық Риото Муратамен (16-2, 13 КО) кездесуіне келсек, ол 29 желтоқсанда Сайтамеде (Жапония) өтеді. Олар орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық атақ үшін сынға түседі. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр