Головкин Мунгиямен кездеспейтін болды

Бірінші орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Хайме Мунгия (36-0, 29 КО) келесі жекпе-жегін орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинге (41-1-1, 36 КО) қарсы өткізбейді, – деп хабарлайды ESPN.

Алматы, NEGE. Биылдың бірінші жартысында GGG-мен жұдырықтасуы мүмкін болған мексикалық боксшы 24 сәуірде рингке оралады. Ол америкалық Димитриус Баллардпен (26-0-1, 13 КО) кездеседі.

Бұған дейін инсайдерлер Мунгия мен Головкиннің командалары келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлаған, ал кейбірі командалар 7 мамырда жекпе-жек өткізуге келіскенін мәлімдеген. Енді бұл жекпе-жек таяу уақытта өтпейтін болды. 

Еске салайық, Мунгия кейінгі жекпе-жегін былтыр қазанда өткізіп, багамалық Туреано Джонсонды (21-3-1, 15 KO) алтыншы раундта нокаутпен жеңген болатын. Ал Головкин желтоқсанда поляк Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы атағын 21-рет қорғап қалған болатын.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?