Головкин мен Сауль Альварестің үшінші жекпе-жегі өтетін болды

USA Today Sports+ инсайдері Лэнс Пагмайр жеке дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлағандай, орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен суперорта салмақтағы абсолют чемпион Сауль «Канело» Альварес үшінші жекпе-жекке келісім жасады, деп жазды

Sports.kz.

Алматы, NEGE. Айқас 17 қыркүйекте екінші орта салмақ лимитінде болады. Шоу Лас-Вегаста өтуі мүмкін, бірақ бірнеше өңір өтініш берген.

Екі боксшы да үшінші кездесудің алдында көктемгі жекпе-жектерін аяқтауы тиіс: Головкин 9 сәуірде WBA Super әлем чемпионы Риота Муратамен, ал «Канело» 7 мамырда Дмитрий Биволмен кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды