Головкин мен мексикалық Мунгия жекпе-жек өткізуі мүмкін

Мексикалық Хайме Мунгия (38-0, 30 КО) IBF және IBO бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жек өткізу жайлы келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Golden Boy Promotions компаниясының президенті Эрик Гомес мәлімдеді.

Алматы, NEGE. "Жекпе-жек жайлы келіссөз болғаны рас. Қос тарап ортақ мәмілеге келетініне сенеміз. Мұның бәрі Геннадий Головкинге байланысты. Оған бұл айқас керек пе, керегі жоқ па?", - деді Гомес.

Еске салайық, 2022 жылдың ақпан немесе наурызында Головкин мен күншығыс елінің өкілі WBA суперчемпионы Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасында үш титул үшін жекпе-жек болады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр