Головкин мен Канело жекпе-жегін қашан көруге болады

Әйгілі бокс трилогиясы аяқталуға жақын – жекпе-жекке санаулы күн қалды

Алматы, NEGE.  Қазақстандық Геннадий Головкин мен Сауль Канело Альварестің үшінші жекпе-жегімен аяқталатын кәсіпқой бокс кеші 18 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 05.00-де басталады.

Sports.kz порталының хабарлауынша, Qazsport телеарнасы жекпе-жектің көрсетілімін жоспарлап отыр және Головкин мен Канело рингке шығатын болжамды уақыт "Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08.00-ден кейін" деп көрсетілген.

Жекпе-жек Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада штаты) T-Mobile аренасында өтеді.

Еске салсақ, Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші жекпе-жек супер орта салмақ дәрежесінде өтеді. Геннадий үшін бұл 168 фунттағы салмақ бойынша алғашқы жекпе-жек болмақ.

Оның "Канеломен" алғашқы жекпе-жегі 2017 жылы өтіп, тең нәтижемен аяқталға және төрешілердің бұл қорытындысы үлкен дау тудырды. Ал 2018 жылы төрешілер басым дауыспен жеңісті Альвареске берді.

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) үшінші жекпе-жек үшін жеңімпазға арналған жаңа белбеуді ресми түрде таныстырды. "Сапотек" шеберлері дайындаған бұл белбеуге "ягуар-жауынгердің белбеуі" деген атау берілді. Себебі оның орталық элементінің екі жағында ягуар тырнақтары бейнеленген.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды